1,676
Еліміздің азаматтарының мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды дейді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. Оның айтуынша, 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайды. Десе де, қазір жеке кәсіпкерлерден декларация алынып жатыр.
“Ал тек жеке кәсіпкерлер үшін келесі жылы мәліметтер аламыз. Барлық жеке тұлғалар үшін емес, тек жеке кәсіпкерлер үшін аламыз. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және шартты түрде декларацияда “нөл” ұсынсаңыз, бірақ сіз 200-300 төлем-аударсаңыз, біз мұны кәсіпкерлік қызмет ретінде қабылдаймыз. Ал бүгінде жеке тұлға ретінде бір-біріңізге аударымдар жасасаңыз, бұл бүгін фискалдық орган тарапынан қадағаланбайды”, – деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.