Мойынқұм ауданы прокуратурасының жүргізген талдау нәтижесінде, кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған алимент төлемдерінен әдейі жалтарған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында борышкер 2021 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, заңды міндеттерін орындаудан жалтарып, нақты кірістерін бейресми жұмыс арқылы жасырып келгені анықталды. Қарыз сомасы 6 миллион теңгеге жеткен.
2025 жылғы 28 мамырда аудандық сот борышкерді кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот үкімінен кейін борышкер алғашқы төлемдерді жүзеге асыра бастады.
Мойынқұм ауданы прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі шараларын жалғастыруда.