Маңғыстаулық тұрғыннан 41 келі есірткі мен ірі көлемде ақша табылды

200

Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда есірткі бизнесімен айналысып келген ер кісіден ірі көлемде марихуана табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары келіп түскен жедел ақпарат бойынша түнгі сағат 02:30 шамасында Ақтау қаласы 11 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен 40 жастағы күдіктіні ұстады. Оны тінту барысында “марихуана» есірткі затының 12 дана целлофан пакеті тәркіленді. Ал тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде полицейлер “марихуана” есірткі затының 11 дана үлкен полиэтилен пакетін тапты. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы – 41 кг. Бұдан өзге күдіктіден 3 миллион 295 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды.


Күдікті өз әрекетін толықтай мойындады. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Орта жастағы ер кісі ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Бірінші желтоқсанда қала тұрғындарына Шымкенттің түзетілген Бас жоспары ұсынылады
Келесі пост
Діни тақырыптағы сұрақтарға мүдірместен жауап берген бүлдіршінге жұрт тәнті болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu