Спорттық гимнаст Нариман Құрбановтың сыйлықсыз қалғаны көпшілікті алаңдатты. Тіпті, әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері де, көлікпен, үй алуға лайықты деп тапты.
Нариманның Алматыда тұратынын ескерсек, қала әкімі Ерболат Досаев мырзаның үнсіз отыруы жұртты таңқалдырды.
Өздеріңіз білетіндей, кейбір әкімдер, спортшыларға темір тұлпар мінгізіп, басына баспана сыйламақ түгілі көшесіне тас жол төсеп берді емес пе?
Түсінеміз. Алматы қаласының спорт басқармасы басшысы Парижде қайтыс болды. Бірақ, өлгеннің артынан, өлмек жоқ деген қазақта сөз бар. Бұл күмістің орны ерекше. Өйткені, сегіз жылда алған бірінші күміс. 2016 жылғы Рио олимпиадасынан кейін қазақстандықтар Токиода 8 қола иеленіп, не алтынға, не күміске қол жеткізе алмаған еді. Сондай-ақ Н.Құрбанов тәуелсіз Қазақстан тарихында спорттық гимнастикадан олимпиада жүлдесіне тұңғыш қол жеткізген спортшы атанды.
Бұл жетістік емес пе? Ол өзінің жеңісінен соң, ішкі сырымен бөлісіп, жүлдесін елге арнайтынын жеткізді.
«Шынымды айтсам, қарсыластарым өнер көрсетіп біткенше жынданып кете жаздадым. Уитлок сәтсіздігінен кейін кемінде қола медаль қолымда деген ойға берілдім, ақыры нәтиже мен күткеннен де жақсы болып шықты. Бұл жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын. Қазір қандай үлкен іс тындырғанымды сезіне қойғаным жоқ, дегенмен елге барған соң бәрін қайтадан түсіне бастайтын болармын» деді жеңімпаз.
Елге келіп, өзге спортшылардың сый-құрметке ие болып, той тойлап жатқанын көргенде, Нариманның да әттегенайы болған шығар. Бірақ, жігіт оны көрсетпеді. Міне адамдықтың белгісі.
Осыны ескерген белгілі қазақстандық автокөлік компаниясы темір тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті. Нариман Skoda Kodiaq темір тұлпарын тізгіндеді.
Жүрегі жібімен әкіммен, ҚР спорт комитеті, ҚР Туризм жəне спорт министрлігі бұл жеңісті бағалау қажет еді.
Айта кетейік Нариман Құрбанов 1997 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол бес жасынан бастап, спорттық гимнастикамен айналысады. Осы жыл аралығында талай жеңістің шыңына шыққан. Мәселен, 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды. Сол жылы Доһада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.
2023, 2024 жылғы Азия чемпионы атанған. Жаттықтырушысы өзінің әкесі.