Некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

23

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға мәжбүрлеу үшін жауапкершілік көзделген жаңа 125-1-бап енгізілді.

Аталған заңға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойды. Бұл өзгеріс қылмыстық заңнаманы оңтайландыру аясында қабылданған.

«Неке және отбасы туралы» кодекстің 25-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке жарамсыз деп танылады. Неке – бұл тек екі жақтың өз еркімен және өзара келісімімен құрылатын одақ.

Мәжбүрлеу – қысым көрсету, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылық арқылы іске асса, бұл адамның негізгі құқықтарының бұзылуы болып саналады.

Халықаралық тәжірибеде мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде қарастырылады. Себебі, мәжбүрлі неке көбіне оқшаулау, бостандықтан айыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қатар жүреді және кей жағдайларда құрбанның өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соғуы мүмкін.

Кейбір елдерде мәжбүрлі неке адам саудасының бір түрі ретінде де қарастырылады.

Соңғы бес жылда Қазақстанда некеге мәжбүрлеуге қатысты 257 қылмыстық іс тіркелген. Алайда олардың 95%-ы түрлі себептермен тоқтатылған.

Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым арқылы некеге мәжбүрлегендерге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер бұл әрекеттер ауыр зардаптарға әкелсе, жаза он жылға дейін ұзартылады.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 125-бабына өзгерістер енгізілді: енді жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда да істі тоқтатуға жол берілмейді. Бұдан былай некеге мәжбүрлеу мақсатында әйелді ұрлау әрекеті 125 және 125-1-баптар бойынша бірлесіп сараланады.

Бұл жаңашылдықтар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жазасыздыққа жол бермеуге және қоғамда жеке бостандыққа қол сұғушылықтарға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде прокуратура органдары заңдылықтың сақталуы мен азаматтардың құқықтарының қорғалуы бағытында жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

Алдыңғы пост
Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu