Ұлттық тестілеу орталығы оқуға түсуге қажетті шекті балды жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, “Педагогикалық ғылымдар” және “Құқық” – кемінде 75 балл
“Денсаулық сақтау” білім беру саласына – кемінде 70 балл деп белгіленді. Ал, Ауыл шаруашылығы және биоресурстар” және “Ветеринария” білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, кемінде 50 балды құрады.
Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО – кемінде 50 балл. “Қазақстан тарихы” және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, “Оқу сауаттылығы” және “Математикалық сауаттылық” бойынша шекті балл – 3 балл деп көрсетілген мәлімдемеде.
Биыл жоғары оқу орындарында оқуға 112 мың грант бөлінген. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 79 мың, магистратураға 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900-тан астам грант бөлінді.
“Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары” білім беру бағдарлама топтарына –19 344,
“Педагогикалық ғылымдарға” – 13 735,
“Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” саласына – 10 903,
“Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика” бағытына – 8 288 грант тиесілі.