56
Естеріңізде болса, Ақтөбе облысы, Қобда ауданында бір сыныптың оқушылары жаппай уланып, ауруханаға шұғыл жеткізілген болатын. Олардың бірі, дүкеннен кептірілген шаян таяқшаларын сатып алған. Мектепке барып, бірінші сабақтан кейін өзі жеп, басқа сыныптастарына ауыз тиюге берген. Оны 7 бала жеген болса, қалғандары иісіне уланған.
Денсаулық сақтау министрлігі тексеру кезінде тағамның құрамынан тағамдық қоспалар тапқан. Атап айтқанда, натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631) бар болып шықты. Оларды өндірісте пайдалану Техникалық регламенттің талаптарымен белгіленбегені анықталған.
Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалған болатын.