Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды

139

Қазақтан шыққан тұңғыш Париж олимпиадасының чемпионы елге оралды. Мұндай қуанышты мүлт жібермеуге тырысқан қазақстандықтар Алматы әуежайына жиналды. Елдосты қарсы алуға келген халықтың қарасы көп. Сонымен қатар, туымызды көкке көтерген азаматтың отбасы мен балалары да келген. Бірі суретке түсіп, бірі құттықтап жатты.

Айта кетейік, 60 келіде сынға түскен спортшы алғашқы айналымда нидерландық Торнике Чакадуадан басым түсті. Ал екінші кезеңде украин Дильшот Халматовпен белдесіп, “вазарри” әдісімен ұтып, ширек финалға шықты. Мұнан соң, тайпейлік Янг Вэйден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Жартылай финалда испаниялық Франсиско Гарригоспен белдесіп, жарқын жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Елдос Сметов 2016 жылы Риода күміс, 2020 жылы Токиода қола және Парижде алтын медаль иегері атанды.

Алдыңғы пост
2 млрд теңгені құрайтын есірткінің көзі жойылды
Келесі пост
Еліміздегі ірі мұнай компаниясына 13 млрд теңге айыппұл салынды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu