151
Алматыда аулалардың бірінде жартылай жалаңаштанған ер азамат балалар мен аналарды дүрліктірді. Үстінде белден жоғары киімі, аяқ киімі жоқ. Ол қолына сабын ұстап, өзге біреумен сөйлесіп тұрған. Сондай-ақ, сабынды телефон деп түсіндірген.
«Бұл телефон. iPhone 10 . Үйден жүгіріп шықтым, қызды шығарып салдым. Аяқ-киім қайда екенін білмеймін, қазір таксиге мінемін»,-дейді бейтаныс адам.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақыртылып, күдікті азамат бөлімшеге жеткізіліп, жеке басы мәлім болған. Ал, оның, не себепті мұндай күйде жүргені анықталатын болады.