Жаңаөзендік түлектер ұстазына пәтер сыйлады

191

Жағымды жаңалық!

Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер ұстазына пәтер сыйлаған. Жаңаөзендегі №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері “Көмек Жаңаөзен” қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі баспанамен қамтыды.

Олар, соңғы қоңырауда, ұстаздарына пәтер кілтін табыстаған. Сонымен қатар, демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс еткен.

Айта кетейік, Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың білім алуына өз үлесін қосып келеді.

Алдыңғы пост
Су тасқыны: Елімізде су сору жұмыстары жалғасуда
Келесі пост
«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңару жұмыстары аяқталмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu