Қорғаста жаңа әуежай салынбақ

689

“SKYHANSA” Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салуға ниетті.

Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен “SKYHANSA” компаниясы арасында “Қорғас – Шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды. Құжатқа Көлік Вице министрі Талғат Ластаев және “SKYHANSA” Басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

«Жоба қуаты 500 адам/сағатына дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдағы уақытта 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Ал, жоба құны шамамен 500 млн долларды құрайды деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді, инвестор инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр.

Алдыңғы пост
Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған азаматтың ісі тоқтатылды
Келесі пост
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu