295
Пара таеквондодан 52 кг салмақ дәрежесіндегі Милана Красавцева іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасының спортшысы Геральдо Диаспен кездесті.
Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.
Айта кетейік, Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 44 спортшы қатысады. Олар 9 спорт түрі бойынша бақ сынайды.