19
7 шілдеге қараған түні, Павлодардың орталық жағалауында қайғылы оқиға орын алды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам анасы және үш баласымен бірге төрт дөңгелекті веломобильмен серуендеп жүрген. Алайда түсу барысында көлік тізгініне ие бола алмай, металл қоршауға соғылған.
Апат салдарынан, зейнеткер әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оның қызы мен үш немересі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, жараланған жандар ем алуда.