Павлодар облысының прокурорлары мемлекетке 777 миллион теңге көлеміндегі мүліктік шығынды өтеуге ықпал етті.
Облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде «Богатырь Комир» ЖШС корпоративтік табыс салығын заңсыз түрде төмендетілген 5% мөлшерлеме бойынша төлегені анықталды. Заң бойынша бұл көрсеткіш 15% болуы тиіс еді.
Анықталған бұзушылыққа байланысты серіктестікке 777 млн теңге көлемінде қосымша салық төлеу туралы хабарлама жіберілді. Алайда компания бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымданған. Әкімшілік сот салық органының хабарламасын жарамсыз деп таныды.
Прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде Павлодар облыстық соты алғашқы сот шешімін жойып, салықты есептеу туралы хабарламаны заңды деп тапты.
Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.