20 тонна сыраны Қазақстаннан заңсыз әкетпек болған

Теги:
240

“Найза” шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер хабарлады.

Алкоголь өнімдерін заңсыз әкетудің аталған фактісі Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде анықталған.

Нәтижесінде жалпы көлемі 20 тонна болатын “сыра” алкоголь өнімі бар автокөлік ұсталды. Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттар болмағаны анықталды.

«Бұл “Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылық болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен Успен аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жолданды» делінген мәліметте.

Алдыңғы пост
Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды
Келесі пост
Шымкентте “Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” жобасы белсенді түрде енгізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu