28
Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал, оның анасы – Ғайни Алашбаева кінәлі деп танылып, 7 жылға сотталды.
Сотталушылардан 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіріп алынады.
Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ол, Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған. Одан кейін Қазақстандағы су тасқыны кезінде халыққа, мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинаған. Жалпы, 3,5 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырған.