Перизат Қайраттың ісі сотқа жолданды

27

Атышулы істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, П.Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Ол, бұл қаражатты мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалатынын айтқан. Алайда, қаражаттың бір бөлігін, өзінің бас пайдасы үшін жұмсаған.  Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құраған.

«Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Шымкентте су тарифі кем дегенде 30%-ға төмендейді
Келесі пост
Милан-2026: Шорт-тректен Ұлттық құраманың сапалы дайындығы басты назарда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu