Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

48

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

Негізгі көрсеткіштер:

-300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған;

– Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған;

Ал, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталған. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ.  Сонымен қатар, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.

Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:

-Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды;

-24 қаржы пирамидасы жойылды;

-Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған;

-22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.

Профилактикалық жұмыс бойынша, 567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.

Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

Президент, экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.

Алдыңғы пост
Дженнифер Лопестің концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкеледі
Келесі пост
14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып арнайы орындарда жойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu