Сырдарияда суға батқан 11 адам бойынша тағы бір дерек шықты

Теги: , ,
179

Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батып кеткен 11 адам бір әулеттің мүшелері. Олардың 8-і кәмелет жасына толмаған балалар. Төтеншеліктер қазіргі таңда  8 адамның денесін алып шықты. Оның екеуі балалар.

Түркістан облысының әкімдігінің мәліметінше, олар тойдан қайтқан. Содан өзен жағасына тынығып алмақ болып тоқтаған екен. Арнайы шомылу үшін бармаған және ол жер шомылатын орын емес екендігін білген. Бір баланың аяғы тайып құлап, бәрі көмекке ұмтылған. Сол сәтте суға бірінен соң бірі батып кеткен көрінеді.

Еске салсақ, 21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері.

Алдыңғы пост
“Керегі жоқ”: Түркістан облысында 11 баласы бар ана АӘК алудан бас тартты
Келесі пост
Төтенше жағдайлар министрі Сырдариядағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu