216
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдап, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарымен танысты.
-сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді;
-сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады;
-азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты;
Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.