Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары денсаулық пен экологияға зиян келтіруі мүмкін тауарлардың елге әкелінуін қатаң реттейді. Осындай тауарлардың қатарына арнайы рұқсатпен ғана кіргізуге болатын қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) жатады.
Бас көлік прокуратурасы жүргізген тексерулер нәтижесінде кейбір сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бұл шектеуді айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге жеткізетіні анықталды.
Мысалы, 2025 жылдың сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы шамамен 1,5 мың тоннаны құрайтын қолданылған шиналарға қатысты 159 заңсыз тасымалдау фактісі тіркелді. Ал басқа бір өңірде өткен жылдары 200 тоннадан астам осындай өнімнің заңсыз жолмен әкелінгені белгілі болды.
Қолданылған шиналар қауіпті қалдықтар санатына жатады және олардың пайдаланылуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі қатер төндіреді.
Прокуратураның араласуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау шараларын күшейтіп, тәуекелдерді басқару жүйесін жаңартты. Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда.