QR-код арқылы дәрі алғандар бар ма? 

171

Елімізде 6,5 мың адам QR-код арқылы дәрі-дәрмек алған.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру шеңберінде пациенттерге eGov mobile мобилдік қосымшасында QR-код арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Бұл дәрі-дәрмектерді алу процесін едәуір жеңілдетті және жүйенің ашықтығын арттырды.

Сервис пациенттерге қағаз құжатын ұсынбай, жазылған рецепт бойынша дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Пациентті сәйкестендіру QR-код арқылы жүзеге асырылады, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және қосып жазу жағдайларын азайтады. Дәріханалар өз кезегінде рецепттерді тезірек және дәлірек өңдейді, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді және күту уақытын қысқартады.

E-Densaulyq-та QR-код арқылы дәрілік препараттарды алудың қадамдық алгоритмі

Дәрігерге бару:

•⁠ ⁠Дәрігер ДҚАЖ жүйесінде электрондық рецепт жазады.

Қосымшада рецецеп пен QR-кодты алу:

•⁠ ⁠EGov mobile қосымшасындағы e-Densaulyq қызметінде “Рецепттер – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету” бөліміне өтіп, әр рецепт үшін QR-кодын алыңыз.

Дәріханада дәрі-дәрмек алу:

•⁠ ⁠Фармацевт QR-кодты сканерлейді және рецепт бойынша дәрі-дәрмек береді.

Алдыңғы пост
Қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбектің анасына іс қозғалды
Келесі пост
Полиция автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu