Ер адам 74 жастағы әжейді басынан балғамен ұрып тонап кеткен

188

Абай облысында 74 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды. Әжейді облыс орталығының сол жағалауында белгісіз ер адам тонап кеткен. Полицейлердің дерегінше, қарт тұрғынды ер кісі басынан балғамен ұрып, 3 мың теңге көлеміндегі қаражатын, алтын сырғасы мен ұялы телефонын қолды еткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады.

Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Шымкентте 18 мыңнан астам оқушы құмар ойындарға тәуелділікті анықтайтын сынақтан өтті
Келесі пост
Қытайдағы қазақ жігіті Астанаға жаяу аттанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu