340
Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды.
Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық адамды құтқарады. Биыл жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды. Осы ретте төтеншеліктер тауға жалғыз шықпау керектігін ескерді.