Ұрлық жасаған азамат түзелуге мүмкіндік алды

22

Шымкентте жасөспірімге қайта тәрбиеленуге мүмкіндік берілді деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған сотталушы Щ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық фактісімен айыпталған.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2024 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласындағы «Қайнар-бұлақ» саяжайында орналасқан үй-жайға заңсыз кіріп, жәбірленушінің «Хонда Дио» маркалы мопедін, 15 метрлік сваркалық кабелін және болгаркасын ұрлап, жалпы 195 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын мәлімдеді. Жәбірленуші де кешірім беріп, істі тоқтатуды сұрады. Прокурор тараптардың татуласуына байланысты істі қысқартуды ұсынды.

Сот ҚР ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмысты алғаш рет жасаған жасөспірім жәбірленушімен татуласқан және келтірілген зиянды өтеген жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескере отырып, істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде, сот Щ.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, ҚР ҚК-нің 84 және 85-баптарына сәйкес, 1 жыл мерзімге бос уақытын шектеу және арнайы талаптар белгілеу түріндегі тәрбиелік ықпал ету шараларын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Алдыңғы пост
Қазақстанда 16,3 миллион азаматтың жеке дерегі интернетте тарады
Келесі пост
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu