105
Жағымсыз жағдай, Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 34 жастағы жұмысшы 7-қабатта орнатылған ағаштан құлаған.
“Мәңгілік Ел даңғылы, 62/1 мекенжайы бойынша 7-қабаттағы құрылыс ағашынан құлаған 1990 жылы туған ер адам жедел жәрдем көлігімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді”, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, ер адамның миы, өкпесі және сол бүйрегі соғылған. Салдарынан, көп жарақат алған. Екі иығында және омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі қабырғалары сынған.
Отадан кейін зардап шеккен құрылысшы реанимацияға жатқызылды. Ер адамның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.