Сәлемдеме арқылы есірткі өткізген қала тұрғыны 16 жылға сотталды

43

2025 жылдың шілде айында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстық іске қатысты үкім шығарды. Қала тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және сату фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны белгілі болды. Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен «Cheddar» ірімшігі түрінде жеткізілген. Сот материалдарына сәйкес, ол сәлемдеме ішіндегі есірткіні үшінші тұлғаларға беруді көздеген.

Құқық қорғау және кеден органдарының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында бұл әрекет есірткі сату сатысына жетпей тұрып әшкереленді.

Мемлекеттік айыптаушы істің ауырлығын ескере отырып, қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сот бұл талаппен келісе отырып, сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Ақтауда ер адам суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, өзі қаза тапты
Келесі пост
Елімізде есірткімен күрес күшейтілді: мыңдаған шот бұғатталды, 9 тоннандан астам есірткі тәркіленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu