Баспана аламын деп 2 млн ақшасынан айырылды

248

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны үй аламын деп ақшасынан айырылды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азаматша  өзін отбасылық жағдайы төмен адамдарға көмектесетін ұйымның өкілі ретінде таныстырып, көпқабатты үйден пәтер алып беретінін айтқан. Ол қызметі үшін 2 миллион теңге ақшасын алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

«Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде сезікті жұмыссыз,  әйел  болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бір жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамағаны  анықталды. Ол жәбірленушіден алған ақшаны  бас пайдасына қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Ақмолалық тұрғын әйелін пышақтап тастады
Келесі пост
Екі ел президенті Ташкенттегі алғашқы бигвиллдің құрылысын бастап берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu