Салтанат Нүкеноваға қатысты тың ақпараттар жария болды

326

Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Сот барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суреттерін көрсетіп, бұрынғы жазбаларымен бөлісті.

Ағасының сөзіне сенсек, суретті 2023 жылдың наурызында Салтанаттың өзі жіберген. Бұл жағдайдан соң Айтбек Амангелді қарындасын алып кетпек болған екен. Алайда марқұм келісім бермепті. Яғни, Нүкенова бұған дейін де аяусыз соққыға жығылған көрінеді.

“Дүкенге шығып бара жатқан кейіп танытып, сыртқа шық. Маған алып кет деп айтшы, мен ұшып барамын”, – деп айттым деді Нүкенованың ағасы.

“Мен оған “Егер соққылар қатты болса, ол (Қуандық Бишімбаев) сені өлтіріп тастайды” дедім. Бірақ Салтанат бұл оның өмірі екенін және кетпейтінін айтты”, – деді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, сот отырысы барысында Бишімбаевтың қорғаушылары, ағасына түрлі сұрақ қойып, сын ескертпе де алды.

Алдыңғы пост
Елшілік еліміздің азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды
Келесі пост
Кабирхан мен қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев ертең мәртебелі бәйгеге қатыспақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu