Сарыағашта шетелдік азамат шекарадан есірткіні аяқ киіміне жасырып алып өтпек болған

Теги: , ,
500

Түркістан облысындағы шекара бекетінде Қазақстанға есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түскен. Онда қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені хабарланған.

Polisia.kz жазуынша, тәртіп сақшылары алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдік азаматтың аяқ киімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның гашиш есірткісі екені расталды. Күдікті ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Автобус пен жүк көліктеріне арналған заманауи автодром құрылысы қолға алынады
Келесі пост
СІМ Кореяда автобус жүргізушісін пышақтаған қазақстандық әйелге қатысты пікір білдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu