416
Павлодар облысы Мойылды кентінде септиктен 2019 жылы туған баланың мәйіті табылды.
Полиция дерегінше, бүлдіршін ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлап кеткен. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.