339
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Аталмыш өңірлерге Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
Айта кетейік, оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағаларына сәйкес қойылмақ.
Ресми мәлімет бойынша, биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын тәмамдайды екен. 9 және 11-сынып бітірушілер үшін қорытынды емтихан 29 мамыр-11 маусым аралығында өткізілмек.