Қайғылы жағдай, ШҚО Ұлан ауданында орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, Садыр көлінде, саяжай үйінің ауласында 2022 жылы туылған бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Сол мезетте, жасөспірім суға құлап батып кетті.
Осы ретте, Тқтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарлаңыздар деп ескертеді.
Бұған дейін Ақтөбе облысының Белқопа ауылында да тоғыз жастағы бала суға кетіп қайтыс болған еді.
Айта кетейік, еліміз бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды. Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.