131
Бірінші қайғылы жағдай, 31 тамызда орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша кеншілер көмір қышқыл газынан уланып көз жұмған.
Тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.
Ал, 1 қыркүйекке қараған түні Артемьевская шахтасында бағана құлап, мердігер ұйымның кеншісі жарақат алып, қаза тапты.
Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы “Востокцветмет” ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.