Абай ауданы: тұрғындар бірауыздан науқанға қатысып, наурызды тойлады

289

Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Тұрғындар дастарханға қойылған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Тойға келген жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды.

– Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық.  Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың даусымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін. Шағынаудан тұрғындары мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отыр. Бәрі бірауыздан науқанға қатысты, – дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.

Алдыңғы пост
Ынтымақта сайлаушылар наурыз тойын тойлады
Келесі пост
Шымкент қаласының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu