Шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген 29 шетелдік азамат анықталды

22

2025 жылдың 12 мамырында Ақтөбе облысының «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты деп хабарлады ҰҚК.

Ресейге транзиттік жүріп келе жатқан жүк көлігін қарап-тексеру кезінде тасымалданған жүктің арасында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген 29 шетелдік азамат табылды.

Осы факті бойынша ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметінің Департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҰҚК шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu