16 жастағы марқұм Шерзаттың өлімі бойынша 10 адам күдікті ретінде танылды. Ал, 2 адам тергеуге алынды. Ал, Хасан Қасымбаевтың бұл іске ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы брифинг барысында мәлім болды.
“Ұсталғандар арасында бұзақылық үшін сотталғандар да бар”, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.
Сондай-ақ, жауаптылар, жігіттер арасындағы ерегіске жыр болған бір шөлмек сыраның қатысы жоқ деп отыр. Бұл факті бейнекамерадағы көрініспен дәлелденген.
Сонымен қатар, жәбірленуші мен айыпталушы арасында дүкен ішінде ешқандай қақтығыс болмаған. Демек “әңгіме бір банка сыра жайында болмаған” дейді. Екі қыздың да жанжалға қатысы жоқ деп отыр.
Ал, «Хуторский» қылмыстық тобы бойынша, ешқандай дерек жоқ дейді шенділер.
«Полиция дереу жұмысқа кірісті. Алдымен жеті айыпталушы, кейін тағы үш адам ұсталды. Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. “Хутор” тобы туралы дерекқорда жоқ»,-деді Әленов.
Қазіргі таңда, бейнематериалдағы, Қаржаубаевтың қолындағы затқа сараптама жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің мәліметінше, бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде бұзақылық, кісі өлтіру, хабарламау және қорқыту баптары бар.