345
Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық мерт болды. Бұл ақпаратты Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растап отыр.
Өкінішті жағдай, 8 сәуірде Чонджу қаласында орын алған. Бейресми ақпарат бойынша азамат шыны өндіру зауытында жұмыс жасаған. Оны жқмыс барысында тоқ соққан. Салдарынан, шамамен 30 жастағы азамат ауруханада көз жұмды. Жергілікті полиция тергеуді бастады.
Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің азаматтары нәпақасын шетелден табуды көздейді. Кейбірі заңды түрде жұмыс жасап жатса, кейбірі заңсыз мигрант ретінде еңбек етуде.