55
Қазақстанда шетелдік мотоциклшіге пышақпен шабуыл жасаған азаматқа сот үкімі шықты. Ол кісі өлтіруге оқталды деп танылып, 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын ретінде 500 мың теңге, ал материалдық шығын ретінде 1,3 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп беруге қаулы етті.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 13 сәуірде Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде болған. Ресейлік байкер Шымкентке мотоцикл маусымының ашылуына бара жатқан. Ер адам мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасап, көлікке отырып қашып кеткен. Ол Алматы облысында ұсталған болатын.