Тергеу кезінде екі ауыл тұрғынын ұрып-соққан полицейлерге сот үкімі шықты

Теги: , , ,
173

Түркістан облысында тергеу кезінде екі тұрғынды азаптап, ұрып-соққан 6 полицей сотталды.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі (Азаптау) және Қылмыстық кодекстің 414-бабы 1-бөлігі (Заңсыз ұстау) бойынша айып тағылды.

Еске салсақ, өткен жылдың ақпан айында Сауран ауданының полицейлері екі тұрғынды 2 қой ұрлығы бойынша күдікті ретінде полицияға ғимаратына жеткізген. Бір топ полицей ұсталғандарды ұрып-соғу арқылы жасамаған қылмысты мойындатпақ болған. Кейіннен олардың бірі Өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазып, оқиғаның қалай болғанын тілшілерге айтып берді. Жәбірленушінің айтуынша, тәртіп сақшылары оның басына пакет кигізіп, әбден қинаған. Оның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік тексеруден кейін тұрғындарды азаптады делінген полицейлердің барлығы қызметтерінен босатылды.

Қылмыстық іс тергеу үшін өткен жылдың 26 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданған. Алайда тамыз айында іс Түркістан облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасына беріліп, аяқталған соң заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сот үкімімен олардың барлығы да кінәлі деп танылды. Сотталушылардың төртеуіне 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, қалған екеуіне 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Барлығы да 3 жылға құқық қорғау органдарында қызмет ете алмайды.

Алдыңғы пост
«Ыстық, қатты жел». Шымкентте тағы да ескерту жарияланды
Келесі пост
Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке тұлғаларды  және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu