Шымкент бірыңғай мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізіледі

Теги:
310

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автоматтандырылған жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететінін баяндады.

Градкадастрдың тақырыптық ақпараттық базалары өңірдің экономикалық мамандануын, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін, облыста ұқсас объектілердің болуын және олардың жүктемесін ескере отырып, инвестициялық жобаларды оңтайлы орналастыруды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте әлеуметтік объектілер туралы цифрлық деректердің болуы тіршілік әрекетінің инфрақұрылымымен базалық қамтамасыз етуді бағалауға мүмкіндік береді.

Қала кадастры шеңберінде объектінің бірегей нөмірін енгізу пысықталуда, ол ЖСН-мен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беруді және бас жоспарларға сәйкес эскиздік жобаларды келісуді қамтамасыз етуге, құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге және т.б. мүмкіндік береді, сондай-ақ инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесі қалыптастырылатын болады.

Премьер-Министр қалалардағы хаотикалық және тығыз құрылыс мәселесін шешу қажеттілігіне назар аударды, оны жұртшылық үнемі көтеріп отырады.

Осы тақырып бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

Премьер-Министр Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жер учаскелері мен инженерлік схемалардың болуы туралы ашық ақпарат ХАЛЫҚҚА және бизнеске берілетінін атап өтті.

“Қазір бүкіл ел үшін Бірыңғай қала құрылысы кадастры мен сараптамасы енгізілуде. Жер учаскелері мен инфрақұрылым желілерінің интерактивті карталары жасалады. Бұл азаматтар мен кәсіпорындарға инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне жедел қосылуға мүмкіндік береді”, — деді Әлихан Смайылов.

Ол қала құрылысы сараптамасы тұрақсыз және сапасыз құрылыс фактілерін болдырмауға, сондай-ақ қалаларда неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталғанын атап өтті.

“Бұл ШАРАЛАР жобалық жұмыстарда айтарлықтай үнемдеуді және құрылыс талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Интерактивті карталарда бос учаскелер мен инфрақұрылым бойынша өзекті мәліметтер болады”,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін толық енгізуді және автоматтандыруды, барлық кадастрлық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, сондай – ақ өңірлік желілерді түгендеу үлесін жыл соңына дейін 75% – ға, ал 2024 жылы 100% – ға дейін жеткізуді тапсырды.

Алдыңғы пост
Алматыда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді
Келесі пост
Шымкент мектептерінде жол қозғалысы ережелеріне оқытуды қайта бастау ұсынылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu