Шымкент түрмесінде сотталған азамат қаза тапты

63

Шымкент түрмесінде жазасын өтеушілердің бірі жұмбақ жағдайда ажал құшты деп хабарлайды Almatytv. Туыстары 37 жастағы жігітті мекеме қызметкерлері “ұрып өлтірді” десе, мекеме басшылығы сотталушы созылмалы аурудан қаза тапты деп отыр.

Қаза тапқан азамат осыдан бір ай бұрын бопсалау бабымен үш жарым жылға сотталған. Сол уақыттан бері, асқазан ауруымен ауырған. Бес рет дәрігерлер көмегіне жүгінген. Соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, қайтыс болған.

«Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр, құзырлы органдар да тексерісті бастады. Ол кісілер бізге сенбейді, “ұрды-соқты”деп түсініп жатқан шығар. Бірақ тексеру қорытындысы шығады», – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 54 мекеменің бастығы Серікбай Дүйсенов.

Айта кетейік, марқұмның артында үш баласы мен әйелі қалды.

Алдыңғы пост
Қырғызстан президенті өзбек бапкеріне көлік мінгізді 
Келесі пост
Жерлесіміз Азамат Мақұлбеков, 500 келілік арбаны сүйреді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu