4 тамыздан бастап Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ арасындағы жаяу жүргіншілер жолында велосипед пен самокатпен жүруге тыйым салынды. Қала әкімдігі бұл шешімді тұрғындардың көптеген шағымдарынан соң қабылдады. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында іске асырылды дейді.
Бұған дейін, бұрынғы балалар темір жолы қайта жаңғыртылған болатын. Мұнда веложолақ пен жаяу жүргіншілер жолағы салынған.
Енді бұл аймақ, тек жаяу серуендеуге арналған. Сонымен қатар, жол белгілері жаңартылды.
Ал, алдағы уақытта велосипедшілер мен самокат пайдаланушыларға «Денсаулық жолы» деп аталатын жаңа жол ұсынылмақ. Маршруттың жалпы ұзындығы — 13,1 шақырымды құрайды.
Қазір, Байдибек би даңғылынан Бозарық айналма жолына дейін 3,5 км веложол ашылды. Сондай-ақ А-2 трассасы арқылы ипподром бағытына қарай 4,1 шақырым веложолды ұзарту жұмыстары жүргізілуде.