107
Оқиға, Шымкенттегі балабақшалардың бірінде орын алған. Тәрбиеші, өз міндеттерін орындамай, қатыгездік көрсеткен. Бейнематериалда көрсетілгендей, қыз баласын ұрып, тіпті аяқ-қолынан ұстап сүйреген.
Ол, өзінің жағымсыз әрекетін, баланың тыңдамауымен түсіндірген. Яғни, бір-екі рет ескерту берген көрінеді.
Қазіргі таңда, тәрбиеші жұмыстан қуылды. Алайда, жауапкершіліктен құтылып кетті.
Сот мұғалімнің өз ісіне өкініп, кешірім сұрағанын және келтірілген зиянды өтегенін ескерді. Талапкердің сұрауымен қылмыстық іс тоқтатылып, сотталушы жауапкершіліктен босатылды.