Шымкентте екі оқушы 6 жасар баланы құтқарып қалды

Теги: , ,
453

Шымкентте екі оқушы 6 жасар баланы құтқарып қалды. Оқиға Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені  бойында болған.

Ердәулет пен Рамазанға шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала  батып кеткені туралы айтып, көмек сұраған. Екі жасөспірім алғашында олардың сөзіне сенбепті, дегенмен дереу оқиға орнына барған. Содан суда баланың денесі қалғып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады.

Рамазан Аманкелдиев бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп келе жатқанын байқап, тез арада реанимациялық іс-әрекеттерге кіріскен. Оған қасындағы досы Ердаулет Шыңғысхан да көмекке келіп, нәтижесінде жас баланың аузынан су шығып, демала бастапты.

Осылайша дер кезінде көмекке келіп, дәрігерлік алдын медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірім оқушылардың арқасында кішкентай бала аман қалды.

Бүгінгі күннің батырлары қаладағы №128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9 сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев.

Алдыңғы пост
5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталады
Келесі пост
Алдағы күндері +43°С дейін аптап ыстық болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu