Шымкентте есірткі қылмысы артты

23

Үшінші мегаполисте есірткі қылмысының саны артты. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы мәлімдеді.

Алқа отырысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды.

Отырыс Президент ішкі саясаттың басымдығы ретінде айқындаған қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.

«Қылмыстың трансформациялануы есірткі мен психотроптық заттарды өткізудің жаңа әдістеріне алып келді. Интернет есірткі сатудың алаңына айналды. Героинді синтетикалық есірткілер алмастырды, олардың құрамдас бөліктері еркін сатылымда. Тиісінше, есірткіге байланысты қылмыстар саны 17%-ға артты (181-ден 211-ге дейін). Прокуратураның бастамасымен 4 467 сайт пен сілтеме бұғатталды, соңғы 2 жылда 9 есірткі зертханасы жойылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Полиция, сот және сарапшылармен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қою бастамасы көтерілді.

Бұл стратегиялық әріптестік сараптама жүргізу мерзімін 3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Алдыңғы пост
Кен өндірумен айналысқан заңсыз топтың жолы кесілді
Келесі пост
Полиция Зайсан көліндегі заңсыз балық аулау әрекетінің жолын кесті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu