199
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананы анықтады.
Күдіктілер, есірткі затының кезекті партиясын дайындау барысында қолға түсті. Олар, Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазіргі таңда, ұсталғандар соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында, 10 кг жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.