Шымкентте есірткіні жасырын таратқан азамат 7 жылға сотталды

26

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз иемденіп, сақтап, таратпақ болған азаматқа үкім шықты.

2024 жылдың желтоқсан айында сотталушы Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен байланысып, психотропты заттарды алып, оларды жасырын орындарға орналастырып отырған. Әр “жасырылым” үшін 1800 теңге сыйақы алуы тиіс болған.

Ол «Нұртас» шағынауданынан а-PVP психотропты заты салынған 30 ораманы алып, «Қайтпас-1» шағынауданына жасырған сәтінде полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Заттың жалпы салмағы – 15,97 грамм.

Сотталушы кінәсін мойындап, төменгі жаза тағайындауды сұраған. Сот оны ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

 

Алдыңғы пост
Қызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға €70 млн тартылады
Келесі пост
Жамбыл облысында 900-ден аса бала медициналық тексеруден өтпеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu