Шымкентте үшінші үшемдер дүниеге келді

52

2025 жылдың 11 маусым күні Шымкент қалалық перзентханасында үнемдеу дүние есігін ашты.  Олар, бір қыз және екі ұл бала.

Жүктіліктің 31-ші аптасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің салмағы 975 грамм, 1765 грамм және 1920 грамм болды. Олар бірнеше минут айырмашылықпен туылды.

56 күн бойы сәбилер мен олардың 39 жастағы анасы, дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем мен күтімді алды. Қазіргі уақытта балалардың да, ананың да жағдайы жақсы, үйлеріне шығарылды.

Үшемдерді дүниеге әкелген – Шымкент қаласының тұрғыны Якубова Фатима Шамсутдиновна. Бұл – оның екінші босануы.

Нәрестелерге есімді олардың ата-әжесі қойған. Қыз бала – Мерием, ұл балалар – Расул мен Гамзат деп аталады. Бүгінде үшемдердің салмағы 2050 г, 2950 г және 3400 г-ға жетті.

Фатима мен жұбайы Зухрейдин енді төрт баланың ата-анасы атанды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттғ 15 793 сәби дүниеге келген.

• 👧 Қыз балалар – 7726

• 👦 Ұл балалар – 8067

• 👶👶 Егіздер (двойня) – 180 жағдай

Бұл көрсеткіштер, Шымкент қаласындағы ана мен бала денсаулығына жасалған медициналық көмектің нәтижелі екенін көрсетеді.

Алдыңғы пост
Берденовке жасалған қастандық: Күдікті кінәсін ішінара мойындады
Келесі пост
Сарысу ауданында мемлекет меншігіне 5 мың гектарға жуық жер қайтарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu