​Шымкентте ұзату тойында аспанға оқ атқандардың үстінен іс қозғалды

Теги: ,
350

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте өткен тойдан екі автомат қаруын тәркіледі. Жедел қызметкерлер тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алған. Оқиға орнына көрермен және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберілген.

Polisia.kz жазуынша, дереккөз ақпараты расталған. Түнгі сағат 00.00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі цифрлық халық кеңсесі шығыс әдістемесі бойынша жұмыс істейтін болады
Келесі пост
​Базардан кептірілген жеміс ұрлап кеткен зейнеткердің қылмысы видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu